Атырау облысының волонтерлік әлеуетін нығайту, Қазақстан, Грузия және Әзербайжан волонтерлік ұйымдарымен тәжірибе алмасу.
2026 жылғы тағы бір ауқымды бағыт — Атырау облысының ішкі саясат басқармасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Atyrau Youth Fellowship» жобасы. Жобаның мақсаты — Атырау облысының волонтерлік әлеуетін нығайту және волонтерлік ұйымдар мен волонтерлік қозғалыс көшбасшылары арасында озық тәжірибе алмасуды дамыту.
Бағдарламаға қатысу үшін Атырау қаласынан, Исатай, Махамбет, Индер және Жылыой аудандарынан 86 өтінім келіп түсті. Техникалық іріктеу қорытындысы бойынша 46 кандидат екінші кезеңге өтті. Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, жұмыс істейтін жастар және белсенді волонтерлер қатысты. Қатысушылар үшін оқыту, сараптамалық іріктеу және Қазақстан, Грузия мен Әзербайжандағы тағылымдама сапарлары ұйымдастырылды.
